Қарағанды облысында «Жылдың үздік кітапханашысы - 2021» байқауы өтуде

Қарағанды облысында «Жылдың үздік кітапханашысы - 2021» байқауы өтуде

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өңірдегі жас кітапханашылар арасында кәсіби шеберлік байқауын жариялады. «Жылдың үздік кітапханашысы – 2021» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Байқау кітапханалардың және кітапханашы мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізіледі. Ұйымдастырушылар кітапхана ісінің кәсіби мамандарын 35 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында анықтауға ниетті.

Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады. Байқаудың финалдық кезеңіне төрт үздік қатысушы өтеді.

Финал мен қорытынды 27 мамыр күні сағат 11.00-де Ж. Бектұров атындағы кітапхананың акт залында өтеді.

Жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Нәтижелер сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Байқау ережесімен кітапхана сайтында танысуға болады: uniorlib.kz.

E-mail: karaganda_oub@mail.ru.

Анықтама телефоны (8-7212) 43-07-04.