Саран қаласының үздік логотипіне дауыс беру жүріп жатыр

Саран қаласының үздік логотипіне дауыс беру жүріп жатыр

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов әлеуметтік желілердегі парақшаларында логотип таңдауды ұсынды. Оның айтуынша, Саран қаласының имиджін құру одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады.

«Тек коммуналдық немесе әлеуметтік мәселелермен айналысып, мәдениетке назар аудармау мүмкін емес және дұрыс емес. Қазір қаланың логотипін жасау қажеттілігі туындады. Оны ресми және бейресми іс-шараларда, презентациялық материалдарда, кеңсе тауарлары мен сыйлық өнімдерінде және т.б. пайдалануға болады. Сіздердің әрқайсыларыңыз логотипті тамаша сапада жүктеп, киңмдер мен басқа да заттарға жабасып шығара аласыздар», - деп атап өтті Ержан Темірханов Саран қаласы тұрғындарына жасаған үндеуінде.

Әкім логотипті жасау – бюджеттен тыс жоба екенін нақтылады. Нұсқаларды MAXILEE Қарағанды дизайн-студиясының мамандары әзірледі.

Тұрғындар үш нұсқаның біреуін таңдай алады.

Олардың біріншісі қалалық ландшафтты қамтиды. Бұл тек индустрияны ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарына көңіл бөлуді дамытудың символы. Қаланың гүлденуі күн сәулелерімен бейнеленеді. Ортасында шахтер каскасының шамы және кеншілердің даңқын есе салатын екі шахта бейнеленген.

Екінші нұсқада S әрпі. Олар көп қырлы, технологиялық, жаңашылдықты білдіретін бес көпбұрыштан тұрады, ал пішіндер мен сызықтардың үйлесімі күн панельдерінің үлгісіне ұқсайды.

Соңғы логотипте қаланың пайда болу күні, күн сәулелері және екі көлбеу пилон бар. Соңғысы шахтаның оқпанын білдіреді.

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде ұнаған логотипке дауыс беруге болады.