
Қарағанды облысы тұрғындарының 2021 жылдың ақпан айындағы медициналық сақтандыру қорына жарналары 2,5 млрд теңгеден асты. 3,6 млн теңге көлеміндегі төлемдерді мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл ретінде аймақтың жұмыс берушілері мен ЖК аударды.
Қарағанды облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына өз қызметкерлері үшін 1,2 млрд теңгеге жуық ақша төледі. Қалған сома - ЖК, БЖТ төлеушілер және дербес төлеушілердің жарналары.
- Жарналардың және медициналық сақтандыруға аударымдардың мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімақылар тек жұмыс берушілер мен ЖК-ге ғана есептеледі. Дербес төлеушілерге және БЖТ төлеушілерге өсімпұл есептелмейді, дегенмен оларға "сақтандырылған" мәртебесін сақтау үшін міндетті медициналық сақтандыруға уақтылы жарналар жасау маңызды. Бұл ретте БЖТ төлеушілерге төлемдерді ағымдағы айдың басында немесе бір күн бұрын төлеу қажет екенін есте сақтау қажет, - деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.
Мәлімет үшін, республика бойынша 2021 жылдың ақпан айында медициналық сақтандыру қорына түскен түсімдер 32,7 млрд теңгеден асты. Қарағанды облысы (2,5 млрд теңге) Алматы (5,5 млрд теңге) мен Нұр-Сұлтаннан (3,2 млрд теңге) кейін медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бойынша көшбасшылар қатарында қалып отыр.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша