
Көктемгі жаңару мерекесіне орай Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры "Қазақ вокалдық-аспаптық музыкасының қазынасы" атты концертке шақырады.
Симфониялық оркестрдің, вокалистердің және театр хорының орындауында кеңестік және қазақ композиторларының танымал шығармалары орындалады. Ұлттық музыка өнерін бағалаушылар Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Шәмші Қалдаяқов, Серік Еркімбеков және басқа да Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің шығармаларын тыңдайды.
Оркестрдің бас дирижері - Рафаэль Хамзин.
Кеш жүргізушілері - Мария Барикова мен Газаз Әлиасқар.
Концерт театрдың Қызыл залында 19 наурызда сағат 18.30-да, сондай-ақ 20 және 21 наурызда сағат 17.00-де өтеді.