Приозерск қаласында 24 отбасы баспаналы болды

Приозерск қаласында 24 отбасы баспаналы болды

Приозерск қаласының жиырма төрт тұрғыны қаланың 65 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пәтер кілттеріне ие болды. Қала тұрғындары "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етілді.

Жаңадан қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар, жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар, толық емес отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері бар.

Приозерск тұрғындары Достық көшесіндегі №1 24 пәтерлі үйден тұрғын үй алды.

- Сіздерді өміріңіздегі тамаша оқиға - жеке тұрғын үй алуларыңызбен құттықтаймын. Сіздердің пәтерлеріңіз шаттықа толы болсын және балалардың күлкісі естілсін! Байлық, қуаныш пен амандық тілейміз! - деп Приозёрск қаласының әкімі Қайрат Қамзин қоныс иелерін құттықтады.