Қарағандылықтарды «Анаға сәлем» мерекелік концертіне шақырады

Қарағандылықтарды «Анаға сәлем» мерекелік концертіне шақырады

7-ші наурызда «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті өтеді. Басталуы 14.00-де.

«Анаға сәлем» концерті Халықаралық әйелдер күніне арналған. Оған Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Рысты Рахымжан, Айдар Қаппасов және басқалар қатысады.

Концертте Александр Зацепин, Ескендір Хасанғалиев, Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалады.

Дирижёр - халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.