Теміртаулық "Т-Арт" суретшілер клубы мерейтойын атап өтуде

Теміртаулық "Т-Арт" суретшілер клубы мерейтойын атап өтуде

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында қалалық суретшілер клубының "Арт-мерейтой" көрмесі өтеді. Бірлестіктің тоғыз қатысушысы 15 жылдық мерейтойына орай өз жұмыстарын ұсынады.

"Т-Арт" суретшілер клубы 2006 жылы тарихи-өлкетану мұражайының көрме залы негізінде құрылды. Міне, көп жылдар бойы ол қаланың көркем өмірінің орталығы болып келеді.

Осы жылдар ішінде мұнда өз дәстүрлері қалыптасқан. Мұражайда ай сайын суретшілердің кездесулері өтеді. Оларға әр түрлі жастағы адамдар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысады. Т-арт мүшелері әрдайым өз қатарына өнерге бей-жай қарамайтындарды қуана қабылдауға дайын.

Қылқалам мен қарындаш шеберлері мерейтойды жаңа шығармашылық бейнелермен қарсы алады. Дәстүр бойынша, бұл соңғы екі жыл ішінде жасалған суреттер. Оларды кескіндемеден, графикадан бастап, коллаж бен линогравюраға дейінгі әртүрлі жанрлық және орындау техникасы ерекшелендіреді.

Техникалық тәсілдер мен әдістердің кең спектрі көрмеде ұсынылатын көркемдік-білім беру бағдарламасын сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.

Экспозицияның ашылуы 5-ші наурызда сағат 16.00-де мұражайдың Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді.

Анықтама телефоны: 93-19-05.