Қ. Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің музыканттары махаббат туралы ән шырқайды

Қ. Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің музыканттары махаббат туралы ән шырқайды

Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі 6 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтарын "Махаббат әндері" концертіне шақырады. Мерекелік кеш циркте өтіп, Халықаралық әйелдер күніне арналады.

Бағдарламада көпшіліктің сүйікті туындылары орындалады. "Мерей" триосы "16 қыз" әнін орындаса, халықаралық байқаудың лауреаттары Дулат Аханов пен Нұрбол Темірғалиев тыңдармандарға Александр Зацепиннің "Мама" атты танымал туындысын ұсынады.

"Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблі өз билерімен көрермендерді қуантса, халықаралық байқаудың лауреаты Азат Тұранел "Солдат" әнін шырқайды.

Басталуы 17.00.

Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.