
Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық айлығы жүріп жатыр. Бүгін Бұқар Жырау ауданының Садовое ауылында қар шығарылады.
ТЖД қызметкерлері алдымен тұрғын үй секторының аумағын, содан кейін арықтар мен су өткізу құбырларын тазалайды. Сондай-ақ құтқарушылар ауыл тұрғындарының үйлерін аралап, су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтар өткізеді, ақпараттық жадынамалар таратады.
Алдын алу іс-шараларымен су тасқыны болуы мүмкін облыстың барлық елді мекендері қамтылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша