
Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика айлығы өтуде. Ғылыми жобалар байқауында оныншы сынып оқушысы Георгий Шатов көзге түсті.
Оқушы Жер орбитасынан ұсақ ғарыш қоқыстарын жоюдың жаңа әдісін ұсынды.
- Тақырыптың өзектілігі - ғарыш қоқыстарын жинау үшін роботты жүйелерді құру қажеттілігі. Болашақта ол ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде кедергілер тудыруы мүмкін, - деп санайды жоба авторы.
Айлық аясында НЗМ-де "Не? Қайда? Қашан?" зияткелік ойыны өтті. Сегізінші сынып оқушылары физиканың үздік білгірлері атағы үшін жарысты. Жетінші сынып оқушылары физика пәні бойынша үздік Lapbook (қолдан жасалған кітап) байқауына қатысты.