
Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Биг-Бенд музыканттары джаз жанкүйерлерін "Көктемгі көңіл-күй" концертінде күтеді.
Бұл кеште баршаға таныс хиттер де, жаңа джаз композициялары да шырқалады.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері және джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі Игорь Андрейченко дирижерлік етеді.
Бағдарламаны Людмила Гольская жүргізеді.
Концерттер циркте 7 наурызда 17.00-де және 11 наурызда 18.30-да өтеді.
Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.