
Алғыс айту күні Қазақстанда "Шын Жүректен" еріктілер жобасы іске қосылды. Jurekten.kz сайтында республиканың кез келген тұрғыны шын мәнінде лайықты адамға алғыс айта алады.
- Адамға рахмет айтуда еш қиындық жоқ. Бірақ бұл сөзді айтқанда, ол адам риза болады. Біз пандемияға байланысты қиындықтар мен шектеулер отандастардың әл-ауқатына әр түрлі әсер ететін ерекше кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Біздің жобамыз - біреу шын жүректен айтылған рахмет деген сөзді естуі үшін халықты алғыс білдіруге шақыру болып табылады, - дейді жоба жетекшісі Адина Хамар.
Жылы сөздерді ата-аналар, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе мүлдем бейтаныс адамдарға жолдауға мүмкіндік жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.