
7 наурызда "Шалқыма " концерт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтеді. Сахнада қарағандылықтар Елена мен Данил Дякиндер өнер көрсетеді.
Кеш бағдарламасында Қазақстанда алғаш рет шырқалатын неоклассикалық "Хат алмасу" туындысы бар. Екі рояльге арналған музыкалық композицияны латвиялық композитор және музыкатанушы Георг Пелецис жазған. Бүгінгі таңда оның музыкасы интернетте жүздеген мың көріністер мен тыңдауларға ие.
Елена Дякина - Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің фортепиано бөлімінің оқытушысы. Оның ұлы Данил - П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының студенті.
Концерттің басталуы сағат 17.00.
Билет бағасы - 2 000 теңге.
Барлық ақпарат +7-705-443-63-77 телефоны бойынша немесе "Шалқыма" к/з кассасының келесі нөмірлері бойынша: 41-13-14, 41-22-30.