Қарағанды облысының оқушылар командасы республикалық дебат турнирінде бірінші орын алды

Қарағанды облысының оқушылар командасы республикалық дебат турнирінде бірінші орын алды

Қарағанды облысының командасы "Ұшқыр ой алаңы" республикалық пікірсайыс турнирінде бірінші орынға ие болды. 

23-26 ақпан аралығында облыстық пікірсайыс кезеңінде жүлделі орындарға ие болған қарағандылық дебатерлер ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған республикалық турнирге қатысты. Қызу пікірталастарда 51 команда, Қарағанды облысынан - үш команда бақ таластырды.

Турнир қорытындысы бойынша "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Әлім Аймағамбет пен Эвальд Барттың құрамындағы "Аулбибексаул" командасының шешендік шеберлігі, білім деңгейі және ұстанымның дәлелдеуі жоғары бағаланып, 1-ші орынға ие болды. Мектеп оқушыларының жетекшісі - Жанна Есілбаева.