
"Алтын ғасыр" галереясы 26 ақпанда Евгения Казакованың "Бейсаналық" атты жеке көрмесіне шақырады. Сюрреалистік техникада 60-қа жуық кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылады.
Аллюзия және парадоксалдық байланыс формаларын пайдалану көрермендерге суретшінің параллельдік ғаламын ашады.
- Картиналарды жазу барысында мен өзімнің ой-санама терең үңілдім. Бұл өте қызықты тақырып - ғалам сияқты шексіз. Кейде мен қолыма бағынып, транс күйінде болдым. Ол сезімге бой алдырып, бейсаналықты кенепке төгуге еркіндік берді, - деп бөлісті автор.
Евгения Казакова - суретші, дизайнер және өнер қайраткері. 1982 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың кәсіби көркемсурет факультетін бітірген. Образдар, содан кейін бүкіл сюрреалистік әлем оның ойында студенттік кезінде пайда болған. Өмір тақырыбы, сананың тереңдігі, ата-бабалардың рулық байланыстары - осы тақырыптардың барлығын Евгения ең таңқаларлық формада қозғап, түсіндіреді.
Экспозиция 3 наурызға дейін жалғасады.
Кіру тегін.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.