Гоголь атындағы Қарағанды кітапханасы арт-марафонға қатысуға шақырады

Гоголь атындағы Қарағанды кітапханасы арт-марафонға қатысуға шақырады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер жөніндегі әдебиет бөлімі Наурыз мерекесіне арналған арт-марафон жариялайды.

Қарағанды облысының барлық қолөнершілері өз шеберліктерін әр түрлі техникада көрсете алады. Жас шектеулері жоқ.

Қатысу үшін келесі бағыттардағы сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қабылданады:

- тоқыма бізбен және ілмекпен тоқу;

- оюлап тігу;

- тоқу (макраме, бисер тоқу және т. б.);

- киіз басу;

- көркем сурет;

- модельдеу (саз, пластилин, пластик және т. б.);

- авторлық қуыршақ, ойыншық;

- қағаз пластикасы (декупаж, скрапбукинг, квиллинг және т. б.);

Марафонға қатысушы өнімнің әр түрлі қырынан екі фотосуретін түсіріп, оларды Instagram әлеуметтік желісінде #uzor_nauryz и #karlib хэштегтерімен жариялауы қажет.

Жұмыстар 17 наурызға дейін қабылданады. Үздік шеберлерді таңдауға кітапхана қызметкерлеріне «№1 Балалар өнер мектебі» КМҚК оқытушысы Жансая Нұртаева көмектеседі. Қорытынды 18-19 наурызда шығарылады.

Ең қызықты өнімдер қорытынды көрмеде ұсынылады. Жеңімпаздар дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Қатысушылардың жұмыстарын кітапхананың @karlib_kz Instagram-аккаунтынан көруге болады.