
Жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионатының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының командасы бірінші орынға ие болды. Екінші болып Шығыс Қазақстанның спортшылары атап өтілді, ал Қостанай облысының жеңіл атлеттері қола медальға ие болды.
Жарыс Өскеменде 19-21 ақпан аралығында өтті.
Додаға 235 спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша олимпиада маусымына қатысатын қазақстандық команданың құрамы бекітіледі.
Қарағандылық спортшы Давид Ефремов ерекше көзге түсті. Ол кедергілермен 60 метрге жүгіруде жоғары нәтиже көрсетті. Жиырма бір жасар спортшы қашықтықты 7,65 секундта жүгіріп өтіп, елдің рекордсмені атанды. Сонымен қатар, ол наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады. Давидті Николай Барсанов жаттықтырады.