Онлайн-экскурсия: К. С. Станиславский атындағы Қарағанды театры бойынша 3D форматында саяхат

Онлайн-экскурсия: К. С. Станиславский атындағы Қарағанды театры бойынша 3D форматында саяхат

Қарағанды мемлекеттік Халықтар Достығы ордені К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры "Мельпомена ғибадатханасын эльф қанаттарында отырып аралау" атты жаңа онлайн-жобасын іске қосты. Кез келген адам 3D матрица форматында театрға онлайн-экскурсия жасай алады.

Карантин кезінде театрда актерлер кезекшілікте болды. Қазір шектеулер алынып, жаттығулар қайта басталды. Жоба авторларының ойынша, қазір театрда Уильям Шекспирдің "Жазғы түндегі ұйқы" эльфтері кезекшілік етеді. Айтпақшы, қойылым бүгінгі таңда да театр сахнасында орындалып, көрерменбер көңілінен шығып жатыр.

Эльфтермен бірге көрермендер театрдың бөлмелеріне ұшып, барлығын мұқият қарай алады. Онлайн-экскурсия келесі сілтеме бойынша қолжетімді https://my.matterport.com/show/?m=LsafFQ8TXtV.

Бұл 3D матрица форматын қолданатын театрдың алғашқы жобасы. Болашақта театрдың сайты мен YouTube арнасына келушілер 3D форматында түсірілген түрлі театр іс-шараларын тамашалай алады.