
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік қарағандылықтарды күнделікті күйбеңнен арылып, музыка әлеміне шомуға шақырады. 24 ақпан күні «Шалқыма» концерт залында романстар кеші өтеді.
Музыкалық бағдарламаға отандық және шетелдік композиторлардың романстары енген. Музыкалық шығармаларды концерттік бірлестіктің солистері орындайды.
Рояльде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Севостьянов өнер көрсетеді.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко дирижерлік етеді.
Басталуы 18.30.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.