
Компьютерлік томография кабинеті Балқаш қаласының №1 емханасының кеңес беру-диагностикалық орталығында өз жұмысын бастады. Оны ашу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен ANKE ANATOM 64 FIT компьютерлік томографы сатып алынды.
ANATOM 64 FIT жүйесі бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, соның арқасында жылдам аз инвазивті араласулар жүргізуге, диагноз қоюға болады.
Бүгінгі таңда компьютерлік томография зерттеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оның маңызды артықшылықтарының бірі - ауруды ерте кезеңдерде диагностикалау. КТ травматология, хирургия, онкология, неврология, пульмонология, урология, гинекология және т. б. салаларда кеңінен қолданылады.