Қарағанды және Теміртау жылыту пункттері енді 2ГИС - те бар

Қарағанды және Теміртау жылыту пункттері енді 2ГИС - те бар

Қарағанды облысының ТЖ департаменті «2ГИС анықтамалық – Қарағанды» ЖШС-мен бірлесіп, автоәуесқойлар мен олардың жолаушыларын уақытша орналастыру және жылыту орындарының атаулары мен координаттарын анықтамалыққа енгізді. Мұндай пункттердің жұмысы қолайсыз ауа райы жағдайларында трассалар жабылған жағдайда қажет.

Сондай-ақ халықты уақытша орналастыру және жылыту орындарының иелеріне оларға жүгінген адамдар үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру, жылумен, ыстық шаймен қамтамасыз ету, демалыс орнын ұсыну туралы өтінішпен хаттар жіберілді. Қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету сұралды.

Қазіргі уақытта 2ГИС-ке 54 жылыту пункті бойынша деректер енгізілді. Оларды іздеу бағанында «жинау және уақытша орналастыру...» сөздерін теру арқылы таба аласыз.

Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының ақпараты бойынша