
6-14 ақпан аралығында Дубайда әлемдік Гран-при, жеңіл атлетикадан Fazza 12-ші халықаралық чемпионаты өтті. Турнирге Қарағандыдан төрт спортшы және екі жаттықтырушы барды.
Біздің спортшылар тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Руфат Хабибуллин 200 метрге жүгіруден қола медаль жеңіп алды. Дастан Мұқашбеков төртінші орынды иеленді. Ал Тоқтар Жақыпов 200 және 400 метрге жүгіруде бесінші болды.
Барлық үш спортшы Паралимпиада ойындарының нормативтерін орындады. Олар Токиода өнер көрсетуге лицензия алуға нақты үміткерлер болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша