Теміртаулық ЖОО-да «күміс» студенттер білім алуда

Теміртаулық ЖОО-да «күміс» студенттер білім алуда

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды индустриялық университетінде аға буын өкілдерін қолдау жөніндегі бастамашыл жобалары аясында «Күміс университет» пилоттық жобасы іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап мұнда 27 адам оқуға ниет білдірді.

Тыңдаушылардың алғашқы топтары сабаққа кірісті. Жобаға қатысушыларды компьютерлік сауаттылық сияқты бағыт қызықтырды. Бір айға созылатын курс барысында тыңдаушылар мәтіндік редакторларда жұмыс істеуді, интернеттен қажетті ақпаратты табуды, әлеуметтік желілер мен басқа да мобильді қосымшаларды, сондай-ақ EGOV электрондық үкімет порталының қызметтерін пайдалануды үйренеді.

Оқу басталар алдында ҚарИУ өкілдері ЖОО-ның бас және жаңа корпустарына экскурсия өткізді. Университет қонақтары оқу орнының мұражайын көріп, 3D-инжиниринг зертханасымен және «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханамен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, компьютерлік сауаттылық курстарынан басқа, «Күміс университет» жобасы аясында қаржылық сауаттылық курстарына, Кәсіпкерлік Мектебі мен шахмат клубына топтар жасақталады. Аға буын адамдар барлық бағыттарды тегін зерттей алады. Оқытуға ҚарИУ оқытушылары мен диплом алдындағы тәжірибеден өтетін белгілі бір мамандықтардың студенттері қатысады.

kgiu.kz