
"Отбасы Банк" АҚ "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Абай қаласындағы үйге конкурс жариялайды. Шара 2021 жылғы 21 ақпанға дейін baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында өтеді.
Байқау "Шаңырақ" бағыты бойынша жүзеге асырылады (5-20-25). Қатысушылар тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған тұрғындар бола алады.
80 пәтерлі үй Қарағанды облысы, Абай қаласы, 30а квартал мекенжайы бойынша орналасқан.
Бес қабатты үйдің ауданы 3 866,98 ш.м. IV жайлылық класы бар.
Таза әрлеудегі 1 шаршы метрдің құны-125 000 теңге.
Пәтер түрлері:
1а (1 - бөлме) - №1 пул, ауданы 28,98 - 29,31 ш.м-9 пәтер.
Құны - 3 622 500 - 3 663 750 теңге. Бастапқы жарна - 20% (724 500 теңгеден 732 750 теңгеге дейін).
1б (1 - бөлм.) - №2 пул алаңы 29,34 ш. м-1 пәтер (халықтың тұрмысы төмен топтары үшін).
Құны-3 667 500 теңге. Бастапқы жарна - 20% (733 500 теңге).
2а-№3 пул ауданы 41,38 - 44,17 ш.м-42 пәтер.
Құны - 5 172 500 - 5 521 250 теңге. Бастапқы жарна - 20% (1 034 500 теңгеден 1 104 250 теңгеге дейін).
2б - №4 пул алаңы 44,74 ш.м - 4 пәтер (халықтың тұрмысы төмен топтары үшін).
Құны - 5 592 500 теңге. Бастапқы жарна - 20% (1 118 500 теңге).
3а - №5 пул, ауданы 53,50-57,65 ш.м - 8 пәтер.
Құны-6 687 500-ден 7 206 250 теңгеге дейін. Бастапқы жарна-20% (1 337 500 теңгеден 1 441 250 теңгеге дейін).
4а - №6 пул ауданы 68,93 ш.м - 16 пәтер.
Құны-8 616 250 теңге. Бастапқы жарна-20% (1 723 250 теңге).
Өтінімдер baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында қабылданады.
Қосымша ақпаратты +7-776-110-03-10 (Кәмшат) телефоны арқылы алуға болады.
"Отбасы Банк" АҚ ақпараты бойынша