Қарағанды облысының жастарын мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастарын мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы және "Ұлағат" шығармашыл жастар клубы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Поэзия, менімен егіз бе едің?" онлайн-байқауын өткізеді.

Ақындар додасына қатысуға өтінімдер қабылдау 23 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Байқау "көркем оқу" номинациясы бойынша өткізіледі. Өтінімдерді elagat_sh_j_k@mail.ru электрондық поштаға немесе WhatsApp нөмірі бойынша: 8-702-166-45-62 жіберуге болады.

Байқауға 16-23 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады. Қатысушы өзінің Instagram парақшасында #mukagali_90years #akiyk_akynga_90yyl хэштегін қойып, әлеуметтік желілерде @ulagat__ @jas_pro парақшаларын белгілеп, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасынан туындыны оқыған бейнежазбаны жариялауы тиіс.

Қорытынды 24-25 ақпанда шығарылады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.