
Кеншілер мәдениет сарайы қарағандылықтарды Алғыс айту күніне арналған "Туған елге мың алғыс" қалалық онлайн-байқауына қатысуға шақырады. Бұл мереке 1 наурызда атап өтіледі.
Поэзия байқауы екі жас санатында өтеді: 11-ден 14 жасқа дейін және 15-тен 17 жасқа дейін.
Шарттар: мерекеге сәйкес тақырып бойынша өзіңіз жазған шығармаңызды оқып, осы процесті бейнеге түсіру керек. Роликті dkg_11@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет. Егер бейне түсіру мүмкін болмаса, өлеңді сол электронды поштаға жазбаша түрде жіберуге болады.
Өлеңдер 27 ақпанға дейін қабылданады. Кейін олар Instagram-дағы @Dkg_kpg парақшасында жарияланады.
Анықтама телефондары: 8-707-121-83-99, 8-708-294-15-36.