Бектұров атындағы Қарағанды кітапханасы поэтикалық додаға қатысуға шақырады

Бектұров атындағы Қарағанды кітапханасы поэтикалық додаға қатысуға шақырады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мұқағали - мәңгілік жыр» поэтикалық дода өткізеді. Байқау 17 ақпан күні сағат 12.00-де кітапхананың @bekturov_library Instagram парақшасында өтеді.

Оған Қарағанды облысының 15-22 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Байқауға қатысушылар ақынның бір немесе екі өлеңін оқып, бейне түсіріп, оны karaganda oub@mail.ru поштасына жіберуі керек.

Бейне 17 ақпанда сағат 12.00-де @bekturov_library парақшасында жарияланады және әрбір бейненің астында реттік нөмірі көрсетіледі.

«Оқырмандар әр қатысушының өлеңін комментарийге нөмірін жазу арқылы бағалайды», - деп атап өтті кітапханада.

Ақындық дода «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 кітап» республикалық рухани-мәдени акция аясында өткізіледі.