
Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы "Қарағанды - сүйікті қала" атты балалар фотоконкурсын жариялады. Іс-шара онлайн режимінде өтеді.
Байқауға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Фотосуреттерді қабылдау басталды және 17 ақпанға дейін жалғасады.
Қарағанды мен оның төңірегіндегі фотоларды WhatsApp: +7-705-121-58-42 немесе direct Instagram: @karagandaspecbiblioteka-ға жолдау қажет.
Жас қарағандылықтардың шығармашылық фотожұмыстарын жариялау және дауыс беру 18-25 ақпан аралығында арнайы кітапхананың әлеуметтік желісінде өтеді.
Ең көп ұнатулар мен пікірлерді жинаған адам жеңімпаз атанады.
Қорытынды 26 ақпанда шығарылады.