
Қазақстанда 1 наурыздан 1 сәуірге дейін qabyldau.daryn.kz сайтында мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7-сыныптарына онлайн-тіркеу және оқуға құжаттарды қабылдау өтеді. Қарағанды облысында осы мақсатта арнайы сайт құрылды.
"Қарағандылық ата-аналар облыстық білім басқармасының www.qabyldau.daryn.kz сайтына жүгініп, қалаған оқу орнын таңдап, құжаттарды тапсыра алады. Сайт өз жұмысын құжаттарды қабылдау басталғанға дейін бастайды. Конкурстық іріктеу және тестілеу 15-30 сәуір аралығында өтеді", - деп хабарлады облыстың білім басқармасы.
Білім басқармасының @uo_krg Instagram парақшасында 9-16 ақпан аралығында Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттарының директорларымен тікелей эфирлер өтеді. Ертең сағат 17.00-де тікелей эфирде "Мұрагер" және "Дарын" арнайы мектеп-интернаттары өздері туралы әңгімелейді.