
Кеншілер мәдениет сарайы ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүз жасаған жүректен» атты облыстық онлайн-мәнерлеп оқу байқауын өткізеді. Оған Қарағанды облысы мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатыса алады. Басты шарт – Жамбыл Жабаевтың шығармасын жатқа оқып, бейне түсіру.
Бейне Кеншілер мәдениет сарайының @dkg_krg Instagram парақшасында жарияланатын болады. Өтінім парағы бар ролик 23 ақпанға дейін мына электрондық мекенжайға қабылданады: dkg_11@mail.ru.
Жеңімпаздарды іріктеу кезінде қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларына сәйкес көркем мәтінді таңдауға және оқу, айту дағдыларына ерекше назар аударылатын болады.
Онлайн-байқаудың қорытындысы 26 ақпанда шығарылады. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, ал барлық оқырмандар мен олардың жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі.
Анықтама телефондары: 8-707-121-83-99, 8-708-294-15-36.