Абай атындағы Қарағанды кітапханасы жасөспірімдерге тегін тренингтер өткізеді

Абай атындағы Қарағанды кітапханасы жасөспірімдерге тегін тренингтер өткізеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді "Мен - жеке тұлғамын" коуч-орталығына шақырады. Мұнда әрқайсысының жеке қасиеттерін ашуға тәжірибелі жаттықтырушылар мен коуч-шеберлер көмектеседі.

Барлық тренингтер тегін. Жексенбі күндері екі тілде өтеді. Олардың біріншісі 14 ақпанда сағат 15.00-де өтеді. Ол шешендік өнеріне арналады. "Шешендік өнер Әліппесі" семинарын Бақытқали Мұсабеков орыс тілінде өткізеді.

Тренингке қатысу үшін алдымен тіркелу керек.

Кітапхананың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 30.

Анықтама телефондары: 41-23-26, +7-777-893-27-79 (WhatsApp).

Электрондық пошта: odb_abai@mail.ru.

Instagram: @odb_abai.