
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы "Есімдердің алтын топтамасы" деген атаумен тағы бір жаңа онлайн-айдарын ашты.
- Онда біз суретшілер, халық шеберлері, яғни есімдері біздің алтын топтамамызды құрғандар туралы сөйлесетін боламыз. Осы жылы "Валентин Даниленконың жұмыстарының құпиясы" айдары ашылды. Бұл - өмірі мен шығармашылығы Қарағандымен тығыз байланысты суретші. Қазір ол Ригада тұрады, бірақ үнемі өз жұмыстарын мұражайға сыйға тартады. Егер эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келсе, онда күзге қарай оның жеке көрмесін ашуды жоспарлап отырмыз, мүмкін оның қатысуымен де болып қалар, - деді бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Бибігүл Құдабаева.
Мұражай қорында Валентин Даниленконың 27 жұмысы бар.
- Өткен жылы бізге келіп түскен оның шығармаларының жинағы "Ольга" сериясынан. Ольга - оның шабыты, музасы. Негізінен суретші графикада жұмыс істейді, бірақ оның абстрактілі туындылары да, портреттері де бар, - дейді музейдің ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Сондай-ақ, мұражай қала күніне арналған фотокөрменің онлайн ашылуына дайындалуда.
- Жақын арада бізде "Қарағанды" фотоклубының көрмесі ашылады, - дейді Бибігүл Құдабаева. - Біз қазір барлық әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біздің жұмыстармен және Қормен танысуға мүмкіндік береді. Облыс тұрғындарын біздің muz-kar-izo.kz сайтымызға және әлеуметтік желідегі парақшаларымызға шақырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, "Сөйлейтін суреттер" жобасы аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қала күніне арналған "Қарағанды және қарағандылықтар" онлайн-айдарын іске қосты.