
С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының жаңа спектаклінің режиссері ретінде К. Станиславский атындағы Мәскеу Электротеатрының актері, "Кинотавр" және "Еуразия" фестивальдерінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясының жеңімпазы Азамат Нигманов болады.
Театрда хабарлағандай, қазір танысу және дайындық кезеңдері жүріп жатыр. Бұдан кейін Азамат Нигманов Жезқазған актерлерімен бірге Олжас Жанайдаровтың пьесасы бойынша "Жұт" қойылымын сахналайды. Карантин жеңілдетілген жағдайда спектакль премьерасы осы жылдың мамыр айында өтеді.
- Спектакль экспорттық жоба ретінде қарастырылады. Біз онымен халықаралық фестивальдерге қатысып, гастрольдерге баруды жоспарлап отырмыз. Ол қоюшы суретшілер мен Литва немесе Башқұртстан мамандары арасында тәжірибе алмасу аясында өтеді, - деді Жезқазған театрының жетекшісі Досхан Сәкен.
Актер Азамат Нигманов Электротеатрда 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол 11 жасында сахналық өнерге араласа бастады. Екі жылдан кейін Омбы драма лицей театрына түсті. 2009 жылы Б. Щукин атындағы театр институтын бітіріп, Мәскеудің түрлі театрларында үздік өнер көрсете бастады. Шоулардың бірінде оны Константин Райкин байқап, режиссер Виктор Рыжаковқа Виктор Астафьевтің "Прокляты и убиты" романы бойынша қойылған спектакльге қабылдауға кеңес берді. Бұл қойылымда Талғат Харисовтың рөлі үшін Азамат Нигманов Олег Табаков сыйлығына ие болды.