
"Parimatch - Қазақстан Кубогын" Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей командасы иеленді. Бұл хоккейшілердің алғашқы олжасы.
Қарағандыда "Сарыарқа" мен өскемендік "Торпедо" командалары арасындағы финалдық матч өтті. Күрделі күрес барысында есепті қонақтардың қорғаушысы Дмитрий Стулов ашты. "Торпедо" екінші кезеңнің соңына дейін, Қарағанды командасының шабуылшысы Вадим Зеленков таблодағы сандарды теңестіргенге дейін алда болды. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың соңғы үштен бірі шайбасыз өтті. Овертаймның үшінші минутында "қара-сарылар" командасына жеңісті шабуылшы Сергей Голоднюктің дәл соққысы сыйлады.
Нәтижесінде "Сарыарқа" "Торпедоны" 1:2 есебімен жеңді.