
Қарағанды облысының оқушылары цифрлық әлемге бет алды. Бірінші ақпан күні барлық мектептерде ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
Бағдарламада сынып сағаттары, шығармашылық жұмыстар, робототехника және т.б. қарастырылған. Бағдарламалау бойынша олимпиада өтеді. Онлайн-кездесулер жоспарланған, оқушылар табысты блогерлермен сөйлесе алады.
Осылайша, ұйымдастырушылар балалардың информатикаға деген қызығушылығын арттырғысы келеді. Оқушыларға күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды қолдану және әлеуметтік желідегі мінез-құлық ережелері туралы айтылады.
Қаңтар айынан бастап Қарағанды облысында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жоба жұмыс істейді. Әр апта жеке бағытқа арналған.
Жуырда оқу және математикалық сауаттылық апталары өтті. 1-6 ақпан аралығында "Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығы өтеді.
Бұдан әрі сауаттылық апталығы келесі кесте бойынша өтеді:
- құқықтық - 8-13 ақпан;
- физикалық - 15-20 ақпан;
- қаржылық - 22-27 ақпан;
- оқырман - 1-6 наурыз;
- жаратылыстану-ғылыми - 9-13 наурыз;
- тілдік - 12-17 сәуір;
- экологиялық - 19-24 сәуір.
Ұйымдастырушылар - Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы.
umckrg.gov.kz