Қарағандыда Орталық саябақта орнатылатын жаңа арканың дизайн-жобасын әзірлеу байқауы өтуде

Қарағандыда Орталық саябақта орнатылатын жаңа арканың дизайн-жобасын әзірлеу байқауы өтуде

Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы урбанистика орталығымен бірлесіп Орталық саябаққа кіре берісте арка дизайнын әзірлеуге байқау жариялады. Оған сәулет және дизайн агенттіктері, бюролар, студиялар және жобалау компаниялары қатыса алады.

Қатысу үшін не істеу керек? Арканы трансформациялау бойынша эскиздік және жұмыс жобаларын әзірлеу (орналастыру схемасы, 3D-моделі, рендерлері, сметалық құны бар егжей-тегжейлі жобалау-сметалық құжаттама).

Үздік жоба қалалық басқару бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

Байқауға қатысу үшін дайын жобаларды тапсыру мерзімі - 14 ақпан.

Сұрақтармен +7-701-420-6021 нөмірі бойынша хабарласуға болады.