Кеншілер шаһарының туған күніне орай бейнелеу өнері мұражайында "Қарағанды және қарағандылықтар" айдары ашылды

Кеншілер шаһарының туған күніне орай бейнелеу өнері мұражайында "Қарағанды және қарағандылықтар" айдары ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы "Сөйлейтін суреттер" жобасы аясында қала күніне арналған "Қарағанды және қарағандылықтар" онлайн-айдарын іске қосты.

1934 жылдың 10 ақпанында Қарағандыға қаланың ресми мәртебесі берілді. Дәстүр бойынша мұражай бұл күнді көрмемен атап өтеді. Биыл пандемия салдарынан мұражай қызметкерлері дәстүрді бұзбай, тұрғындарды "Қарағанды және қарағандылықтар" виртуалды экспозициясына шақырады. Оған қызметі қаланың қалыптасуы және дамуының ажырамас бөлігіне айналған адамдардың портреттері кірді.

Айдарды қарағандылық суретші Райымқұл Есіркеевтің қылқаламымен салынған Александр Гапеевтің портреті ашты. Жоба авторы Айгүл Омарова көрнекті геолог туралы айтып берді. Дәл осы Александр Гапеев Михайловский, Саран және Қарағанды кеніштері бір құрылымдық тұтас екенін ашты. Бұл Қарағандының жергілікті маңызы бар кен орны туралы түсінігін түбегейлі өзгертті.

Александр Гапеевтің есімімен көше ғана емес, Қарағанды көмір бассейніндегі көмір қабаты да аталған.

"Қарағанды және қарағандылықтар" видеосы Саңыраулар мәдениет үйінің қызметкері Татьяна Головченконың сурдоаудармасымен сүйемелденеді.

Музыкалық сүйемелдеуді №1 балалар музыка мектебінің "Думан сазы" фольклорлық ансамблі орындайды.

Мұражайдың келесі әлеуметтік парақшаларында онлайн-экскурсияларға барып, онлайн-айдарлармен танысуға болады:

- Facebook-топ "Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы";

- "ВКонтакте" - "Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы";

- Instagram - @karaganda_muzei_izo;

- Youtube - мұражай арнасы келесі сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/channel/UCRmgMV54GHIcfgmfWkk5-Aw.