
Қарағанды облысының тұрғындарын ереже бұзушылықтарға бей-жай қарамауға және адамдар көп жиналатын жерлерде санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталмауы туралы хабарлауға шақырады.
"Қоғамдық мекемелердің қызметкерлері мен келушілерінің маска режимін, қашықтықты сақтамауы, келушілер санының лимитінен асып кетуі, сондай-ақ тыйым салынған қызмет түрімен (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары жабық үй-жайларда, банкет залдарында) немесе режимді бұза отырып, сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуі анықталған кезде сіздерді немқұрайлы болмауға және Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлауды сұраймыз», - деп облыстық өңірлік жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы облыс тұрғындарына үндеу жолдайды.
Call-орталыққа 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.