Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы облыстық математика олимпиадасының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы облыстық математика олимпиадасының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының білім басқармасы және "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім беру аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы алғашқы қазақ математик-профессоры, қазақ тіліндегі Жоғары математика курсының алғашқы оқулығының авторы Әлімхан Ермековтың туғанына 130 жыл толуына орай математикадан I облыстық онлайн-олимпиада өткізді.

Оған жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және мамандандырылған мектеп-интернаттардың 8-ші сыныптарының 221 оқушысы қатысты.

78 оқушы зияткерлік жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бас жүлдені Қарағанды қаласының "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Алмат Мұздыбай алды. Сондай-ақ, 7 қатысушы бірінші орынды, 28 - екінші және 42 - үшінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.