
6 ақпаннан бастап әр сәрсенбі сайын Қарағанды хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері биологиялық үйірме отырысын өткізеді. Клубқа биологияны жақсы көретін және хайуанаттар бағындағы жануарларға қызығушылық танытатын 11 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
Үйірмедегі сабақтар 15 адамнан аспайтын топпен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді.
Үйірме мүшелері үшін хайуанаттар бағына кіру тегін.
Өтінімдер 5 ақпанға дейін қабылданады.
Толығырақ ақпаратты +7-771-312-7539, +7-771-549-4558 нөмірлері бойынша білуге болады.
Сондай - ақ, 10 ақпанға дейін хайуанаттар бағында қала күніне арналған "Менің сүйікті қалам-Қарағанды" балалар суреттері мен қолөнерінің байқауы жалғасуда.
Байқау шарттары өте қарапайым:
1. Суретті өзіңіздің немесе ата-анаңыздың парақшасында жариялаңыз.
2. "@Krgzoo-дан байқауға қатысамын" деп жазып, хайуанаттар бағын белгілеңіз.
Сыйлық - тегін кіру және шанамен сырғанау. Жеңімпаз 10 ақпанда анықталады.