
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның №6 қалалық емханасында вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ресейлік "Спутник V" вакцинасын алды.
Алдымен олар дәрігердің қарауынан өтті.
Сондай-ақ, дәрігерлер вакцинациядан кейін қандай шараларды сақтау керектігін еске салды. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцина алды. Содан кейін 30 минут ішінде олар бақылау аймағында болады.
https://t.me/coronavirus2020_kz
Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко