Қарағандыда «Ұшқыр ой аланы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда «Ұшқыр ой аланы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысының білім басқармасы Балаларға арналған «Сарыарқа дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесіп оқушылар арасындағы «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Облыстық турнирге аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, сондай-ақ мамандандырылған мектеп-интернаттар қатысты. 38 команда қатысты, оның ішінде 21 - қазақ лигасы және 16 - орыс лигасы.

Пікірсайысқа қатысушылар қоғамды дамыту, жастардың мәдениеті мен патриотизмін арттыру, туризм, қашықтықтан және дәстүрлі білім беру туралы мәселелерді талқылады.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазақ лигасында I орынды №2 лицей, Femida командасы иеленді. ІІ орын «СЕ ЛЯ ВИ», мамандандырылған IT мектеп-интернатына бұйырды. Ал ІІІ орынды Саран қаласының «ЖЕТІ КЕРЕМЕТТІҢ ЕКЕУІ» командасы алды.

Қазақ лигасында ең үздік спикер болып Балқаш қаласының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының «ЗИЯТКЕР» командасынан Жанель Әлібек атанды.

Орыс лигасында І орын «АУЫЛБИБЕКСАУЛ» командасында, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатына тиесілі. ІІ орын BILlinaires, №2Білім инновация лицейі иеленді. ІІІ орынды «АЛАШ» командасы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына берлді.

«АУЛБИБЕКСАУЛ» командасынан Эвальд Барт Үздік спикер атанды.

Жеңімпаздар мен үздік спикерлер дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды, сондай-ақ басшылар оқушыларды дебаттық турнирге дайындағаны үшін алғыс хаттармен атап өтілді. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.