Қазақстандық министрлер онлайн-қабылдау өткізеді

Қазақстандық министрлер онлайн-қабылдау өткізеді

Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы азаматтарды қабылдауды қайта бастады. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн форматта ұйымдастырылатын болады. Министрлер, Nur Otan партиясы мүшелерінің қазақстандықтарды қабылдайтын күндері тізімі:

- 3 ақпан - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;

- 5 ақпан - Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;

- 17 ақпан - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;

- 18 ақпан - Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;

- 19 ақпан - экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев,

- 24 ақпан - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев;

- 25 ақпан - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;

- 26 ақпан - Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Қабылдауға жазылу үшін Call-орталыққа хабарласу қажет: 8-800-080-4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Whatsapp арқылы жазу: 8-700-800-4441 немесе электрондық пошта: komek@nurotan.kz.

Өткен жылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

nurotan.kz