Ақтоғай ауданы 2021 жылы қалай дамитын болады

Ақтоғай ауданы 2021 жылы қалай дамитын болады

Ақтоғай ауданында 2021 жылы мал сою цехтарының кешенін салу, асыл тұқымды мал фермасын құру, құс фабрикасы мен сүт комбинатын ашу жоспарлануда. Мал шаруашылығында барлығы сегіз жаңа жоба жүзеге асырылуда. Әкімшілік орталықта спорт кешені пайда болады, ал "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жолдар жөнделеді. Бұл туралы Ақтоғай ауданының басшысы Салтанат Әбеуова Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен онлайн-кеңесте мәлім етті.

- 2020 жылға қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Ауданымыздың негізгі қызметі - мал шаруашылығы. 2019 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 61 200 бірлікке, жылқы басы 36 300 басқа, құс басы 23 900 басқа, қой мен ешкі басы 106 900 басқа артты. Аграрлық секторға шағын несие беру мемлекеттік бағдарламасы аясында "ҚазАгро" ҰК" АҚ арқылы 138 жоба мақұлданды, - деді Салтанат Әбеуова.

Мегаферманың шеңберінде етті қой шаруашылығын дамыту, 8 мың бас ауыл шаруашылық малына арналған сою цехтарының кешенін салу, Герефорд асыл тұқымды  мал шаруашылығы фермасын, 300 бас ІҚМ және 50 бас жылқыға арналған бордақылау алаңын, ангус ірі қара малын өсіру жөніндегі асыл тұқымды ферма құру, құс фабрикасы мен құс өңдеу, сүт комбинатын ашу және мал шаруашылығын дамыту сияқты жаңа жобалар бойынша жұмыстар басталып та кетті.

- Бордақылау алаңдарын құру есебінен ет өндірісі артуда. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. Біз алдағы 5 жыл ішінде 5 бордақылау алаңын іске қосу арқылы ет өндірісін 2,5 есеге арттыруға ниеттіміз, - деп атап өтті аудан әкімі.

Бүгінгі таңда ауданда ауқымды жобаларға қатысатын 90 ірі шаруашылық табысты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша ауданда жолдар жөнделеді. Шабанбай би ауылында "Оңалту сауықтыру орталығы" жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Ақтоғайда спорт кешені салынады. Ауданда 2021 жылы барлығы 14 әлеуметтік нысан ашу жоспарлануда.

- Өткен жылы аудан бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты, 2020 жылы Ақтоғай және Шашубай ауылдарындағы "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 19 жобаға қаражат бөлінді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша екі пәтерлі үш үй салынды және кезекте тұрғандарға берілді. Ақтоғай ауданындағы жолдар бойынша жобалар биыл да қолдауға ие болды. Жұмыс істейміз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Кеңес аяқталғаннан кейін Қарағанды облысының басшысы ауданды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.