Қазақстанда бірыңғай геоақпараттық кеңістік құрылады

Қазақстанда бірыңғай геоақпараттық кеңістік құрылады

Бірыңғай инфрақұрылымдық платформа жобалау және құрылыс процесінің ашықтығын, әлеуетті инвестициялық жобаларды іске асыруды, бюджет қаражатын игеруді бақылау мен тиімділігін қамтамасыз ету құралына айналады. Бүгінгі таңда қала құрылысы кадастрының негізгі міндеті барлық жылжымайтын мүлік нысандары, жер үсті және жер асты коммуникациялары туралы ақпаратты жинау, өңдеу, тіркеу, сақтау және ұсынудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету болып табылады. Ашықтықты қамтамасыз етудің тиімді құралдарының бірі бизнес-процестер мен мемлекет көрсететін қызметтерді цифрландыру болып табылады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында жер қатынастарын цифрландыруды жүзеге асыруды және Елді аумақтық және кеңістікте дамыту тәсілдерін қайта құруды тапсырды. Қала құрылысы кадастрының қызметін цифрландыру нысандарды жобалау, салу, пайдалану және кәдеге жарату процесін мониторингілеуге, өңір аумағында құрылыс салуды ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жаңа нысандарды инженерлік желілерге қосуды жоспарлауды, қолданыстағы коммуникациялардың қуатын ұлғайтуды едәуір жеңілдетеді және құрылыс жұмыстарының әртүрлі түрлерін жүргізу кезінде желілердің апаттық жағдайы төмендейді. 2018 жылдан бастап инфрақұрылымдық деректерді қалыптастыру бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады және елді мекендердің құрылыстары мен инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы цифрландырылады. Осылайша, қала құрылысы кадастры жүйесі сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, байланыс, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, көшені жарықтандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқа да нысандар желілері бойынша цифрлық деректермен толықтырылады. Бүгінгі таңда цифрлық мәліметтердің шамамен 48% (244,5 мың га) қалалық кадастрдың деректер базасына енгізілді, цифрланған аумақ деректерінің 10% (54 мың га) жақын арада жергілікті атқарушы органдар ұсынатын болады. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін аумақтың қалған 42%-ын (234 мың га), ал бұл 172 елді мекенді цифрландыру жоспарланған. Барлық инфрақұрылымдық деректер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ашық контурына - 2020 жылы пилоттық режимде іске қосылған бірыңғай геоақпараттық инфрақұрылымдық деректер платформасына енгізіледі. Уақыт өте келе МҚК БГИДП-ға интеграция жолымен мемлекеттік органдардың салалық ақпараттық жүйелері, өңірлік геопорталдар, салалық кадастрлық және басқа да инфрақұрылымдық қызметтер жүйелері қосылатын болады. Бес өңірдің өңірлік геоақпараттық жүйелерімен құрылыстардың орналасқан жері туралы деректерді беру бөлігінде тестілік интеграция жүргізілді. Бұл Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстары. Платформада сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық қолда бар, салынып жатқан (реконструкцияланып жатқан), жобаланатын жерүсті және жерасты нысандарын есепке алу, сондай-ақ елді мекендердің аумақтарын дамыту мониторингі жүзеге асырылатын болады. Қолданыстағы инженерлік желілер жаңғыртылған, өзгерген не жаңадан салынатын аудандардың жобалық құжаттамасы жаңартылған жағдайда ақпарат міндетті түрде МҚК БГИДП-ға түсетін болады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша