«Шахтер» Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

«Шахтер» Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қарағандылық «Шахтёр» клубының футболшылары Түркияға келді. Бір ай ішінде, 26 ақпанға дейін, шахтёрліктер Босфордың жағасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Команда бірқатар бақылау матчтарын өткізеді. «Шахтердің» қарсыластары кейінірек анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, «кеншілердің» жаңа бас жаттықтырушысы қазақстандық маман Әли Әлиев болды. Бұған дейін ол «Қызыл-Жарға» басшылық еткен және Петропавл клубын Премьер-лигаға дейін жеткізген.