Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Әлем Кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті

Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Әлем Кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті

Херенвенада (Нидерланды) конькимен жүгіруден Әлем Кубогы кезеңінде қарағандылық Екатерина Айдова жеке рекорд орнатты. Чемпионат 22-24 қаңтарда өтті.

Екатерина Айдова В тобында 1000 метр қашықтықта жеңіске жетті. Б тобындағы 500 метрге жүгіруде қарағандылық қазақстандық конькишілер арасында үздік нәтижеге қол жеткізіп, кіші күміске ие болды.

Әлем кубогының кезеңі әлем чемпионатына іріктеу болып табылады. Чемпионат ақпан айында өтеді.