
2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи Отанына - Қазақстанға оралып, "қандас" мәртебесін алды. Қарағанды облысында бұл мәртебе 322 адамға немесе 171 отбасына берілді.
Қандастар біздің өңірге келесі елдерден келген: Өзбекстаннан - 120 отбасы немесе 203 адам; Моңғолиядан - 43 отбасы немесе 106 адам; Қытайдан - 6 отбасы немесе 11 адам; Тәжікстаннан - 1 отбасы немесе 1 адам; Қырғызстаннан - 1 отбасы немесе 1 адам келді.
Еңбекке жарамды жасқа келгендердің ішінен - 205 адам, зейнеткерлер - 17, кәмелетке толмағандар - 100.
281 "қандас" куәлігі берілді және ұзартылды.
Қандастардың ең көп саны Теміртауға - 102 отбасы немесе 177 адам; Қарағандыға - 15 отбасы немесе 17 адам; Абай ауданында - 10 отбасы немесе 22 адам; Бұқар Жырау ауданында - 8 отбасы немесе 31 адам; Осакаров ауданында - 12 отбасы немесе 30 адам; қалған өңірлерде - 24 отбасы немесе 45 адам қоныстанды.
1991 жылдан 2020 жылға дейін республикамызға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді.
Айта кету керек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының ақпараты бойынша