Қазақстандық әскерге шақырылушылар СМС-хабарлама бойынша әскерге шақыру қағазын алатын болады

Қазақстандық әскерге шақырылушылар СМС-хабарлама бойынша әскерге шақыру қағазын алатын болады

Қазақстандық әскерге шақырылушыларға әскерге СМС-шақыру қағаздары жіберілетін болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен өткен кеңейтілген кеңес барысында хабарлады.

Қазір ведомство электрондық үкіметтің деректер базасымен ақпаратты интеграциялау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл болашақ сарбаздарды шақыру туралы уақтылы хабардар етуге, сондай-ақ олардың орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

COVID-19 пандемиясымен байланысты ахуалдың әскерге шақыру науқанының барысына айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, 2020 жылы әскери қызметке 34 мыңға жуық қазақстандық шақырылды.

Кеңес барысында Мұрат Бектанов әскерге шақырылуға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды, бұл Қазақстан армиясының беделін арттыруға және әскери қызметке деген ынтаны арттыруға ықпал ететін болады.