Қарағанды Жастар ресурстық орталығы «Бәріне қолжетімді жұмыс!» акциясын өткізді

Қарағанды Жастар ресурстық орталығы «Бәріне қолжетімді жұмыс!» акциясын өткізді

Қарағанды Жастар ресурстық орталығының ақпараттық тобы тұрғындар арасында «Бәріне қолжетімді жұмыс!» акциясын ұйымдастырды.

Мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар болу дәрежесін және өзін-өзі жұмыспен қамту себептерін анықтау мақсатында жастар халыққа шағын-сауалнама, сондай-ақ қолда бар жұмыспен қамту бағдарламалары және жұмыспен қамту деңгейін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жұмысқа орналастырудың келесі бағыттары: әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, МӘМС, СӨС және студенттік білім беру кредиті бойынша ақпараттық буклеттер таратылды.